Терроризмді қаржыландырып отырған елдер тізімі жарияланды

30 қаңтар 2019 6250 0
Оқу режимі

Еуро Одақтың ең жоғарғы атқарушы органы – Еурокомиссия терроризмді қаржыландырып отырған бірнеше мемлекет тізімін жасап шығарған екен. Еуропа елдеріне қауіп төндіретін «қара тізімдегі» мемлекеттер қатарына Сауд арабиясы бастаған бірнеше мұсылман елдері енгізілген.

Әрине, аталмыш тізімнің толық нұсқасы әзірге еш жерде жариялана қоймаған. Алайда, бұл тізімде Иран, Ирак, Сирия, Ауғанстан және Қытай секілді мемлекеттер бары белгілі болып отыр.

Бұл мемлекеттердің «қара тізімге» ену себебін Еурокомиссия «террористік режимді қаржыландыру және жемқорлықпен күрес саласы бойынша стратегиялық мәселелермен» байланыстырып отыр.

Айта кетейік, бұл тізімге енген мемлекеттерге қатысты ЕуроОдақтың бірқатар шектеу шаралары бар. Мысалға, бұл елдермен жұмыс жасайтын банктер қызметіне қосымша тексерулер жүргізіліп отыратын болмақ.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру