Түркістан облысы әкімі Бас мүфтиді құттықтады (ФОТО)

14 ақпан 2020 5243 0
Оқу режимі

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады.

«Халық арасында имамдардың беделі мен абыройын, мешіт имамдарының білімі мен біліктілігін, сондай-ақ олардың лауазымдық деңгейін арттыратын маңызды құжаттар қабылданып, дін саласындағы түйткілді мәселелерді шешуге оң септігін тигізуде.

Осы орайда Діни басқарманың 30 жылдық мерейтойы құтты болсын деп айтқым келеді. Діни басқарманың және Сіздің қызметіңізге жаңа жетістіктер, алға қойған рухани бастамаларыңыз бен жоспарларыңыз табысты жүзеге асуына тілектеспін!» делінген құттықтау хатта.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру