Түркістан облысы: Балалар Құран Кәрімді жатқа оқудан жарысты

03 қаңтар 2019 667 0
Оқу режимі

Қасиетті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) туған айының құрметіне Шардара ауданы Ақалтын ауылдық мешітінің бас имамы Ербол Жүсіпәлиевтің ұйымдастыруымен Құран жарыс өтті. Оған аудандағы мешіттердегі діни сауат ашу курстарында оқып жатқан ұл жəне қыз балалар қатысты.

Сайыскерлерге Құран Кәрімді І - парадан жатқа оқу талабы қойылды. Негізгі мақсат-жастардың Құранды жаттауға деген ықыласын арттыру.

Құран - адамзат баласына ақ пен қараны айыратын кітап. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) айтады «Сіздердің араларыңызда ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп, үйреткендеріңіз», - дейді. Аталмыш сайысқа 70 шәкірт қатысты.

Қатысушылардың Құранды жатқа оқумен қатар, дыбыстарды қатесіз айтуы басты назарға алынды. Құран Кәрімді 1-парадан жатқа оқудан:

І - орынға Арыстан Абдуссодиқ (50 000 теңге сыйақы),

II - орынды Есен Холид (40 000 теңге сыйақы), IIІ - орынды Мұратов Арман (30 000 теңге сыйақы) иемденді.

Жарты парадан:

І - орынды Шардара ауылы «Шардара» мешітінің шәкірті Келдібек Мейіржан (30 000 теңге сыйақы),

ІІ - орынды Шардара ауданы Ақалтын ауылы «Ақалтын» мешітінің шәкірті Ыдырыс Нұрбек (20000 теңге),

ІІІ - орынды Шардара ауданы Ақалтын ауылы «Ақалтын» мешітінің шәкірті Нұралиев Темірхан (10000 теңге) иеленді.

Он сүреден:

І - орынды «Ақалтын» мешітінің шәкірті Ыдырыс Ерасыл (20 000 теңге сыйақы),

ІІ - орынды Шардара қаласы «Әбу Мансур әл - Матуриди» мешітінің шәкірті - Айтбай Рамазан (10000 теңге), ІІІ - орынды Сүткент ауылы «Асылхан ата» мешітінің шәкірті Нұрсұлтан Смағұл (5000 теңге) иеленді.

Жарысқа қатысқан шәкірттерге сертификат табыс етілді. Сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында турникке тартылудан, қошқар көтеруден жарыстар өткізілді.

Пікірлер Кіру