Түркістан облысының өкіл имамы тағайындалды (ФОТО)

05 қараша 2018 8987 0
Оқу режимі

ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілі, «Қожа Ахмет Яссауи» мешітіне бас имам болып Мұсабек Ақтамберді тағайындалды.

Жаңа өкілді Түркістан жұртшылығына ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, наиб мүфти Алау Әділбай таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Мұсабек Ақтамберді – ОҚО Түлкібас ауданы, Рысқұл ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. Әскери борышын өтеген. Үйленген, төрт баланың әкесі. 

Еңбек жолын Шымкент қаласындағы «Қошқар ата» мешітінде бастап, әр жылдары Алматы, Қызылорда қалаларында бас имам қызметтерін атқарған. 2016 жылдан бері ҚМДБ-ның ОҚО өкіл имамымының орынбасарлығымен қатар «Айтбай Ата – Ақмешіт» мешітінің бас имамы қызметінде болды. 

 

Дереккөз: ҚМДБ Түркістан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру