«Түркістан – түркі дүниесінің рухани орталығы» атты конференция өтті (ФОТО)

04 шілде 2018 668 0
Оқу режимі
  • Кеше Түркістан қаласында «Түркістан – түркі дүниесінің рухани орталығы» атты конференция өтті. Оған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министрі Берік Сақбайұлы, Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, облыс ардагерлері, зиялы қауым және дін өкілдері қатысты.

Алқалы жиында сөз алған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

"Тарих – бұл біздің қазыналы қойнауымыз. Халқымыз сол тарих қатпарынан мол тәжірибе жинап, Хақ дін – исламмен қауышты, ұлт болып ұйысты, мемлекет болып қалыптасты. Қазақ халқы ұшса құстың қанаты талатын, шапса тұлпардың тұяғы талатын осыншама ұланғайыр аймақты тарихтың әртүрлі кезеңдерінде бауырына басты. Құдайға мың да бір шүкір, бұл – тарлан тарихтың бізге қалдырған тартуы деп білеміз. Біз, қазақ халқы әзелден фиқһта исламдағы құқықтық әлеуеті зор Ханафи мәзһабын ұстанамыз. Біз сенімде Құран мен сүннетке сай рационалды ойлауға мүмкіндік беретін Матуриди ақида мектебінің өкілдеріміз", - деп атап өтті. 

Мінберде сөз алған Бірінші наиб мүфти, ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы Наурызбай қажы Тағанұлы киелі өлкеде жаңа бастамаларды белсенді түрде атқарып, елдің игілігі мен бірлігі жолында қызмет ететінін баяндады.

 

 

 

http://muftyat.kz/kz/news

Пікірлер Кіру