Түркістанда Татуласу орталығы ашылды

28 наурыз 2019 5890 0
Оқу режимі

Түркістанда жанжалдасушы тараптар арасындағы дауларды сотқа дейін шешуді көздейтін Татуласу орталығы жұмысын бастады. Бұл туралы  Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақстан медиаторларының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Татуласу орталығының ашылу рәсіміне судьялар, облыстық әкімдік пен ҚХА филиалының өкілдері, медиаторлар мен заңгерлер қатысты. Шара барысында Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Түгел Бекимбетов Орталықтың татуластыру рәсімдерін танымал етуге және дауларды сотқа дейінгі және соттағы татуласу арқылы шешуге бағыт ұстайтынын атап өтті.

Қазақстан медиаторлары қауымдастығының президенті  Дана Кенжеғұлова Орталық жұмысының кәсіпқой медиаторлар мен заңгерлерге тұрақты негізде қызмет көқрсетуге, олардың жанжалдасушы тараптар арасындағы дауларды сотқа дейін шешуіне септігін тигізуге бағытталады дейді.

Орталықтың жарық та жайлы кабинеттері қолайлы жиһазбен, ұйымдастыру техникасымен жабдықталған. Қабырғаларында медиацияның артықшылықтары туралы ақпарат беретін  материалдар орналастырылған.

Қонақтар медиаторлардың жұмыс орындарымен танысты және келушілерге жасалған қолайлы жағдайлар жөнінде жақсы пікірлер білдірді.

Дереккөз: Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру