ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

14 ақпан 2024 1902 0
Оқу режимі

Бүгін Түркі Мемлекеттері ұйымы хатшылығының онлайн басқосуы өтті.

Жиында Қазақстанның 2024 жылы бірнеше беделді халықаралық ұйымға, атап айтқанда, Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық етуіне байланысты ҚМДБ бастамашыл болған Түркітілдес мемлекеттердің мүфтилер алқасына төрағалық ететіні айтылды. Осы орайда биыл халықаралық деңгейде атқарылатын іс-шаралардың жоспары талқыланды. Сондай-ақ кеңес хатшысы ретінде ҚМДБ тарапынан Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырылды.

Еске сала кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басындағы Бағдарлық баяндамасында: «Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты бауырлас елдердің мүфтилер алқасына төрағалық ету мәртебесінің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына берілуі – сіз бен бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Осынау абыройлы міндетті өз деңгейінде атқару, яғни түркі әлемі үшін маңызы зор халықаралық іс-шараларды жоспарға сай тиянақты үйлестіру – кезек күттірмейтін мәселе» деген болатын.

 

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру