Түркия әлемнің 83 елінен 452 гүленшіні қайтарып беруді талап етті

16 қараша 2018 7491 0
Оқу режимі

Түркия мемлекеті әлемнің 83 елінен Фетхулла Гулен ұйымына қатысы бар деп жорамалданған 452 жанды өздеріне қайтарып беруді талап етіп отыр. Бұл жайында Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы мәлім етті.

«Түркия 83 мемлекетке ФЕТО ұйымына қатысы бар деп танылған 452 тұлғаға қатысты құжаттар жөнелтті. Осы тұлғалардың бізге қайтарылуын талап етеміз», – делінген мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың шілде айында Түркия елінде әскери-мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысқандардың басты ұйымдастырушысы Фетхулла Гүлен деп таныған болатын. Ал, Гүленнің өзі бірнеше жылдан бері АҚШ аумағында өмір сүріп келеді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру