ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕМІЗ – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
25 қазан 2024
807
0
Оқу режимі
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
Қадірлі отандастар!
Баршаңызды егемен еліміздің басты әрі ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасыға бірлік пен береке, қуаныш пен мереке тілеймін!
Республика күні – рухымызды көтеріп, егемен елдің еңсесін тіктейтін сәт. Бұл уақытта өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеудің маңызы зор. Өйткені егемендік – ел үшін жанын берген ерлердің ерлігімен келген ұлы күн. Оны бүгінгі ұрпақ ұмытпауға тиіс.
Егемен еліміздің болашағы жарқын, тәуелсіздігіміз баянды болғай. Алаш жұртының алға қойған мақсаты орындалғай. Әмин!
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру