ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ (ФОТО)

22 наурыз 2023 1852 0
Оқу режимі

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде мерекелік шара ұйымдастырылды. Ұлттық мейрамға орай мешіт ауласына киіз үй тігіліп, жамағат арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өткізілді.

Бесін намазынан соң мешіт ауласында бас қосқан жамағат арасында ләңгі тебу, бұқа тартыс, гір көтеру және қол күрестіру ойындары ойнатылып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар берілді.

Мешіт ауласындағы мерекелік шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, жамағатты Наурыз мерекесімен құттықтады. ҚМДБ Астана өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен ұлттық тағамдарға толы мерекелік дастарханнан дәм татты. Ұлыстың ұлы күніне орайластырылған тұсаукесер рәсіміне қатысып, сәбидің құлағына азан шақырып, есімін қойды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сәбиге ақ батасын беріп, Әз Наурызда салт-дәстүріміз ұлықталды. Дастархан басында күй шертіліп, ән мен жырдан шашу шашылды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру