V Республикалық турнир айрықша форматта өтті (ФОТО)

29 қазан 2018 5857 0
Оқу режимі

Арқаның төрінде өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жүлдесі үшін ұйымдастырылған қазақ күресінен V Республикалық турнир мәдени іс-шаралармен шырайлана түсті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Сайыс тізгінін ұстаған танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек нәрлі, әрлі сөздерімен көрерменнің қызығушылығын оятып, спорттық шараның ажарын аша түсті.

Айтыскер ақын Аманжол Әлтаев қазақтың қара өлеңімен палуандарға дем беріп, үміткерлердің намысын қайрап, жігерін жанитын арнау айтты.

Сонымен бірге, еліміздің абыройын халықаралық деңгейде асқақтатып жүрген «Ұлытау» тобы іс-шара барысында көрермендер көңілін күймен әлдилеп, халықтық әуенмен әрледі.

Өз өнерімен халықтың ықыласына бөленіп, отандық мәдениеттің дамуына үлес қосып жүрген өнер жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Қуандық Рақым жиналған қауымды патриоттық әндерімен бір серпілтіп тастады.

Ал, дәстүрлі әнші Ерболат Шалабеков қазақтың халық әнінен шашу шашып, көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйласа, «Наз» би тобы батырлар биімен шараға көрік берді.

Сондай-ақ, елімізге танымал чемпиондар мен палуандардың додаға бір кісідей қатысуы сайыстың көрігін қыздыра түсті.

Осылайша, әнмен әрленіп, күймен көмкерілген бүгінгі спорттық-қайырымдылық шарасы Астана қаласының 20 жылдығына тартылған сый болды.

1111111111111111111111111

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру