Вице-министр Ғұламалар кеңесінде ғалымдармен сұхбаттасты (ФОТО)

15 ақпан 2019 5078 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын Астана қаласында өткен Ғұламалар кеңесінің ХХІ мәжілісіне қатысып, ғалымдармен сұхбаттасты.

Басқосуда дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру, діни бағытта білім алғысы келетін азаматтарды шетелде емес өз елімізде оқыту, деструктивті ағымның арбауына іліскен тұлғаларға қатысты оңалту жұмыстарын жандандыру, оңалту шаралары бойынша қызмет ететін білікті мамандар санын арттыру, жамағатты бірлік пен игілікке үндеу, олардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу, т.б. мәселелер жан-жақты сөз болды. Сонымен қатар, оңалту жұмыстарын жетілдіру үшін арнайы әдістемелік құрал әзірлеу жайы сөз болды. Осы ретте Ғұламалар кеңесі жанынан жұмыс тобы құрылатын болды.

Кездесуде вице-министр Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни саладағы қызметін жаңғырту бағытында ұсыныс-тілектерін жеткізді.

«Ғұламалар кеңесі осыған дейін мүфтияттың концептуалдық құжаттарын, әртүрлі өзекті оқиғаларға орай Діни басқарманың ұстанымын айқындайтын мәлімдемелер мен 100-ге жуық пәтуалар қабылдады. Кеңестің әлеуеті күн санап артып келеді. Мүфтияттың негізгі жұмыс бағыты пәтуа шығару, азаматтардың діни сұрақтарына жауап беру болғандықтан, бұл саладағы қызметімізді үнемі жетілдіріп отыруымыз тиіс», – деп атап өтті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Басқосу барысында көтерілген мәселелер төңірегінде ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, «Нұр Мүбәрак» университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев, ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейітбеков, белгілі теолог-ғалым Мұхан Исахандар өз пікір-пайымдарымен бөлісті.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру