ВК желісі Мьянма әскер басшысының парақшасын бұғаттап тастады

19 қыркүйек 2018 5960 0
Оқу режимі

«В контакте» әлеуметтік желісінің әкімшілігі Мьянма әскери күштерінің бас қолбасшысы Мин Аунг Хлайнның парақшасын бұғаттап тастады. Желі қолданушыларының арыз-шағымы негізінде арнайы техникалық қолдау қызметкерлері тексеру жүргізіп, біржолата жауап тастауға шешім қабылдаған.

Ескерте кетейік, Хлайн «В контакте» желісіне 27-тамыз күні «Рохиньялық босқындарға жеккөрушілік сезімін тудырғаны» үшін «Фейсбук» парақшасы бұғатталғаннан кейін тіркелген болатын.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру