«Ырыскелді қажы» мешіті науқас сәбилерге сыйлық жасады (ФОТО)

24 маусым 2021 3456 0
Оқу режимі

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінің «Názik» қыз-келіншектер клубының ұйытқы болуымен жөні бөлек қайырымдылық шарасы өтті.

Мешіт бас имамы Яхияқажы Абдоллаұлы бастамасымен Әйел-қыздар секторына қарасты «Názik» қыз-келіншектер клубы демеушілер көмегімен «Ана мен бала» ғылыми орталығындағы науқас сәбилерді зиярат етіп қайтты.

Айта кетейік, «Ырыскелді қажы» мешітінің ұстазы Зарина Жүкенованың жетекшілігімен аталмыш орталықтағы «Онкология» бөлімінде ем қабылдап жатқан 115 баланың ата-аналарына гигиеналық заттар сыйлыққа табысталды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру