«Ырыскелді қажы» мешітінің шәкірттері оқу жылын тәмамдады (ФОТО)

04 мамыр 2019 7595 0
Оқу режимі

Ашылғанына аз болса да Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешіті еліміздің руханиятына елеулі үлес қосып келеді. Бұл сөзіміздің дәлеліндей, бүгін құлшылық ордасындағы Діни сауат ашу курсы өз бағдарламасын аяқтап, 40-тан астам шәкіртке арнайы сертификат табысталды. Салтанатты шараға республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев, «Астана» медресе-колледжінің ұстазы Әли Абдусамиғ қатысып, шәкірттерге құттықтау лебіздерін білдірді.

Салтанатты шара барысында мешіттің бас имамы Яхия қажы Абдоллаұлы шәкірттерге жемісті ілім беріп, ұстаздық қызметін абыроймен атқарып келе жатқан әріптестеріне алғысын білдірді. Айта кетейік, Діни сауат ашу курсы мешіт ашыла салысымен жолға қойылып, басталып кеткен болатын. Сауат ашу сабақтарын сол кезден бастап үзбей алып келе жатқан 20 шәкіртке бүгін соған орай ІІ дәрежелі сертификат берілді.

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру