«Зекет» қоры мен Дубай әмірлігі департаменті арасында тәжірибе алмасу семинары өтті (ФОТО)

12 қазан 2018 7146 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен республикалық «Зекет» және «Уақып» қорларының Дубай әмірлігінің Ислам және қайырымдылық істері жөніндегі департаментімен тәжірибе алмасу семинары болып өтті. Наиб мүфти Бауыржан Есмаханның төрағалығымен өткен алқалы жиынға республикалық «Зекет» қорының төрағасы Талғат Омаров және аталмыш қордың өңірлердегі барлық өкілдері, «Уақып» қорының төрағасы Қайрат Айтбай мырза және Қайырымдылық істер бойынша атқарушы директоры Ахмад әл-Мухейри бастаған дубайлық делегация мүшелері қатысты.

Кездесу аясында қор мүшелері шетелдік әріптестерімен етене танысып, жұмыс жоспарларына қаныға түсті. Қайырымдылық істері мен зекет саласы бойынша озық тәжірибелерімен бөлісіп, бірқатар маңызды мәселелер бойынша үлгі-нұсқаулықтарға қол жеткізді. Арнайы қойылған бейнетақталар арқылы қос тараптың жұмыс тәжірибелері көрсетіліп отырды.

Кездесу соңында Астана қаласына арнайылап ат басын тіреген Дубайлық делегация қазақы құрмет-ілтипатқа өз алғыстарын білдіріп, сыйлықтарын табыс етті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру