«Зекет және қайырымдылық» қорының онлайн жиыны өтті (ФОТО)
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының облыс, өңірлердегі 19 өкілімен зекет және қайырымдылық іс-шараларын жандандыру мақсатында онлайн жиналыс өтті.
Жиын барысында 2021 жылдың қаңтар, ақпан айларында республика бойынша атқарылған қайырымдылық іс-шаралары қорытындыланды. «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров зекет өкілдерінің екі айда атқарған еңбектерін жоғары бағалап, алғысын білдірді.
ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен осы айда өтетін ауқымды «Көшпелі қайырымдылық» акциясында ауылдық аймақтарда тұратын мұқтаж отбасылардың қайырымдылық көмекпен қамтамасыз етілуі талқыланып, бағыт-бағдар берілді. Өйткені Бас мүфти «Зекет және қайырымдылық» қорына облыс орталықтары мен аудандармен қатар, шалғайда жатқан ауылдар мен елдімекендерде тұратын мұқтаж отбасыларға да көмек жетуін қадағалауды тапсырған болатын.
Сондай-ақ «Ел үлесі – пәтерге» жобасын бірізділікке түсіру, зекетті насихаттау және т.б. ауқымды іс-шаралар жөнінде әңгіме өрбіді.





Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі