ЖАМАҒАТҚА ҚАЖЫЛЫҚ САПАРЫНА ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

24 қараша 2023 1001 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа қажылық сапарына қатысты түсіндерме семинары өтті. Семинар аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Тамирлан Ибраев қажылық сапары жайында насихат айтып, қасиетті мекенге зиярат жасаудың маңызы мен тәртібін түсіндірді.

Сондай-ақ, жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасы таныстырылып, құжаттың маңыздылығы жайында атап өтті. Семинар соңында қатысушыларға аталмыш кітапша тегін таратылды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру