ЖАМАҒАТҚА ҚҰМАР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЗАРДАБЫ ТҮСІНДІРІЛДІ (ФОТО)

24 қараша 2024 602 0
Оқу режимі

«Ырыскелді қажы» мешітінде жамағатқа құмар ойындарының зияны туралы уағыз-насихат жасалды. Мешіттің наиб имамы Рашид Алпысбаев лудомания дертінің еліміздегі азаматтарға және қоғамға тигізіп жатқан кесірі жайында баяндап, рухани кеселдерден әрдайым аулақ болуға шақырды.

Лудомания, яғни азарттық ойындарға тәуелділік – бұл шектен тыс мөлшерде ақша жұмсауға және ойынға тәуелді болуға алып келетін психологиялық ауру. Адам баласын екі дүниеде зиянға ұшыратып, бақытсыздыққа душар ететін рухани дерттердің бірі – құмар ойнау. Алла Тағала қасиетті Құранда құмар ойынға тыйым салып: «Уа, иман келтіргендер, арақ-шарап, құмар, табынуға арналған пұттар және жебелермен бал ашу шайтанның амалы саналатын лас істер. Ендеше одан аулақ болыңдар. Мүмкін, құтыларсыңдар», ­– деп айтқан («Мәйда» сүресі, 90-аят).

Пікірлер Кіру