Жамбыл облысының діни қызметкерлеріне аттестация басталды (ФОТО)

08 қараша 2018 112 0
Оқу режимі

ҚМДБ-ның Жамбыл  облысы бойынша өкілдігі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде облыс бойынша барлық имамдар  аттестациядан өтуде. 3 күнге созылатын аттестациялауға облысқа қарасты қала, аудан, ауылдық округ мешіттерінде қызмет ететін барлығы 422 қызметкер қатысады.   Оның ішінде бас имамдар мен наиб имамдар, ұстаздар мен азаншылар, молдалар және есепшілер де бар.

Аттестацияны  ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Алау  Әділбаев, ҚМДБ-ның  Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, ҚМБД-ның Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет, ҚМДБ-ның  заңгері  Сағитжан Даулетияр және  ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы  бағалауда.

Аттестация  негізінен ауызша Қырағат, тәжуид, Ислам тарихы және  ҚМДБ тарапынан қабылданған құжаттар  «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы мен тұжырымдамасы» бойынша, ал компьютерлік тестілеу Ақида,  фиқһ, әкімшілік жүйе (Заң) бойынша өткізілуде.

Дереккөз: «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру