«ЖанҰя» балалар үйінің бүлдіршіндерін қонақ етті (ФОТО)

01 наурыз 2019 6281 0
Оқу режимі

ҚМДБ «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қоры «ЖанҰя» балалар үйінің балапандарын «Аспандияр» мейрамханасында қонақ қылды. Балалар үшін бұл кішігірім мерекеде концерттік бағдарлама да орын алды. Тәрбиелік мәні зор көріністер қойылып қобыз, домбыра сынды аспаптарда күйлер орындалып, дәстүрлі әндер шырқалды. Кеш барысында балалар да өз өнерлерін ортаға салып, арман-тілектерімен бөлісті.

ҚМДБ «Зекет» корпоративтік қорының директоры Омаров Талғат Сейіткәрімұлы іс-шараға қатысып, жастарға уағыз-насихат айтты. 

«Зекет» корпоративтік қайырымдылық қорының ұжымы кеш соңында балаларға арнайы сыйлықтар табыстап, алдағы уақытта да осындай шаралар өз жалғасын табатынын жеткізді.

Дереккөз: «Зекет» қорының баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру