«ЖАНҰЯ ЖАРАСЫМЫ»: БИЫЛ НЕКЕ ҚИҒАН ЖҰПТАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

08 желтоқсан 2022 2684 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Жанұя жарасымы» атты жас жұбайларға арналған семинар өтті. «Ислам – ынтымақ пен бірлік жылы» аясында ұйымдастырылған шараға жыл басынан бері «Әзірет Сұлтан» мешітінде неке қидырған жас жұбайлар шақырылып, отбасы құндылығы жайында насихат айтылды.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің және Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы семинарға қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, отбасылық бақытқа жету жолдарын айтты. Ата-ананы қадірлеу, жұбайлар арасындағы келісім мен теңдік, кейбір отбасылық кикілжіңдердің шешімі, т.б. тақырыптарда ой өрбіткен бас имам уағызы жаңадан шаңырақ көтергендер үшін үлкен азық болды.

Шара соңында семинарға қатысушылар арасында викториналық сұрақтар қойылып, жауабын тапқандарға «Әзірет Сұлтан» мешіті атынан арнайы сыйлықтар табысталды.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру