ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ЖАНДАРҒА АЛҒЫС АЙТЫЛДЫ
«Көктал» мешітінде Жастар ісі секторының игі бастамаларына тұрақты түрде қолдау көрсетіп, қайырымдылық іс-шараларына атсалысып жүрген азаматшаларға алғыс хаттар табысталды.
Жастар ісі секторына жауапты Хұрсан Бердімұратов ізгі бастамаларға қолдау көрсетіп жүрген жандарға ризашылығын білдірді. Атап айтқанда, Жастар ісі секторының әрбір игі шарасына тұрақты түрде қайырымдылық жасап, қолдау көрсетіп жүрген Қилыбаева Салтанат Қыдырәліқызы мен Қилыбаева Бибігүл Қыдырәліқызына арнайы алғыс хаттар табысталды.
Ізгі бастамаға үлес қосып, жастардың қайырымдылық бағытындағы жұмыстарына демеу болып жүрген азаматшаларға мешіт ұжымы атынан алғыс білдіріп, олардың жасаған жақсылықтары өзгелерге де үлгі боларын атап өтті.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі