Жұмадағы қайырымдылық жалғаса бермек (ФОТО)

13 наурыз 2021 3271 0
Оқу режимі

Жұма – аптаның сұлтаны, күндердің төресі, қасиетті күн. Алла Тағаланың қасында ең ұлығы. Исі мұсылман қауымы үшін қасиеті ерекше бұл күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен жыл басынан бері түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, игі жобалар жүзеге асып келеді. Игі бастамаға алғашқы болып үн қосқан Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі бойынша осымен бірнеше мәрте жұма күні арнайы қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, жамағат арасында жұма күнінің жылуын таратып келеді.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті бұл жолғы жұманы да қайырымдылық шарасымен нұрландыра түсті. Қайырымды жұма жобасы аясында Елордамыздағы 50 мұқтаж отбасыға азық-түлік сөмкелері табысталды.ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі бойынша қайырымдылық бағытына жауапты «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Садырханов жамағатқа жұма күнінің қадір-қасиетін айтып, ізгі тілегін білдірді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру