Жұмаға жиылған жамағатқа консультациялық көмек көрсету шарасы өтті (ФОТО)

21 желтоқсан 2018 6817 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде  Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» қазыналық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жамағатқа консультациялық көмек көрсету шарасы болып өтті.

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама жол картасын» жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған шараға Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы», «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы», «Жұмыспен қамту орталығы», «Медиацияны дамыту орталығы»» және т.б. мекемелердің өкілдері қатысып, жамағатпен жекелеген кездесулер өткізді. Сонымен қатар, кәсіби заңгер мен психолог мамандар арнайы қабылдау өткізіп, түрлі тақырыптар бойынша кеңестерімен бөлісті.

Іс-шараның өткізілу мақсаты – жастарды қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жас қазақстандықтарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және қала тұрғындарына жеке сұрақтар бойынша консультациялық көмек беру болып табылады.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру