ЗИРАТ ЖӘНЕ ЗИЯРАТ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)

12 мамыр 2023 2109 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты аясында «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының кезекті жиналысын өткізді. Елорда бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы Астана өкілдігі бойынша аталған мәселеге жауапты имамдардың ұсыныс-пікірін тыңдап, зират және зиярат мәдениетін бірізділікке түсіруге арналған бірқатар тапсырмалар берді. «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне арналған жадынама таратылып, жаназа рәсімдеріне қатысты қажетті ақпараттар берілді.

Дереккөз: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру