Хадистегі«күз» сөзінің мағынасы не?

18 тамыз 2021 9138 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Кейбір хадистерде «жетпіс күз» деп айтылған сөздер бар. Бұл сөздің мағынасы нені білдіреді. Күз маусымын ба, әлде басқа нәрсені ме?


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Күз сөзі айтылған бірқатар хадистер бар. Мәселен, Әбу Мұса Ашғари (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Егер тозақ отына тас лақтырылатын болса, тозақтың түбіге жеткенге дейін жетпіс күз құлап барады[1]», – делінген.

Хадистегі күз сөзі – толық жылды білдіреді. Бұл араб тіліндегі толық нәрсені, соның бір бөлшегімен айтып жеткізу делінеді. Өйткені, жылдың төрт маусымының бірі – күз. Яғни, жетпіс күз өтсе, жетпіс жыл өтетіні мәлім.

Ибн Хажар: «Күз – жылдың бір маусымы. Күз деумен жыл он екі ай меңзеледі. Төрт маусым (жаз, күз, қыс және көктем) ішінен күзді арнайы айтуының сыры бұл маусымдардың жемісі пісіп жетілетін кез[2]», – дейді.

Руслан Камбаров


[1] Ибн Хиббан
[2] Фатхул Бари

 

Пікірлер Кіру