Әйеліммен оқылған намаз жамағатқа санала ма?

21 қараша 2018 11599 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум. Ер адам өзінің əйелімен оқыған намазы жамағатқа жата ма? Мұрат Н.


Жауап

Уа алейкум ассалам. Иə, ер мен əйелінің бірге оқыған намазы жамағат болып саналады әрі Алланың қалауымен жамағат сауабын алады.

Бұған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.):

"الاثنان فما فوقهما الجماعة"

«Екі адам және одан көбі жамағат»[1], – деген хадисі дәлел болмақ.

Имам Нәуауи бұған қатысты: «Егер адам өз үйінде досымен, әйелімен немесе баласымен бірге намаз оқыса, жамағаттың артықшылығына қол жеткізеді. Алайда, мешітте оқығаны абзалырақ»,[2] – деген.

Сәттілік иесі Алла ғана.

Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы

 


[1] Ибн Мажа, Хаким
[2] Раудатут-талибин

Пікірлер Кіру