БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ АСЫЛ ҚАСИЕТІ…

17 шілде 2025 301 0
Оқу режимі

Бірде Бауыржан Момышұлы мен белгілі ақын Қалижан Бекқожин екеуі қатты ренжісіп қалыпты. Көпке дейін бір-бірімен сәлемдеспей, сөйлеспей жүріпті.

Бір күні Жазушылар Одағында үлкен жиын болатын болып, жиналысқа келген ақын-жазушылар бір қатарда отырыпты. Жиынның басталар алдында залға Бауыржан Момышұлы кіреді.

Әдеттегідей ол кісі келсе жұрттың назары сол кісіге ауады ғой. Залдың орта тұсында ақын-жазушылар отырған қатарға жақын келіп, бір студентке;

- Мен кіммін?- деп, дауыстап сұрапты.

- Сіз Бауыржан Момышұлысыз,- деп жауап беріпті студент.

- Дұрыс айтпадың, мен кіммін?- деп, қайталап сұрапты.

- Сіз қазақтың аты аңызға айналған батыры, жазушысы Бауыржан Момышұлысыз,- деген судентке қарап дауыстап;

- Жооқ, сен дұрыс айтпадың, мен қазақтың аттақты ақыны Қалижан Бекқожинның ағасымын, - деген екен.

Сол кезде Қалижан Бекқожин орнынан ұшып тұрып,

- Ой, аға, айып меннен, мені кешіріңіз,- деп, құшағын жая ұмтылған екен. Сөйтіп, Бауыржан Момышұлы мен Қалижан Бекқожин екеуі құшақтасып, төс түйістіріп, қайта табысып, татуласыпты…

Желіден алынды

 

Пікірлер Кіру