Рамазанға орай мешіт мейрамханасының жабдықтары түгелдей жаңартылды (ФОТО)

17 мамыр 2018 9142 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті ашылғалы бері қасиетті Рамазан айы бойы жамағатқа тегін ауызашар ұйымдастырып, сауапты іске себепкер болып келеді.  Арнайы ұйымдастырылған акция аясында Бас мешітте биылғы жылға дейін күн сайын 500 жанға дастархан жайылып келген болатын.

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бұл игі шараның ауқымы биылғы жылы бұрынғысынан да кеңейіп, ауызашар дастарханы 800 адамға арналып жайылатын болмақ.

Сондай-ақ, Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы негізінде Mumtaz мейрамханасы қасиетті Рамазан айының құрметіне орай қасық-шанышқыдан бастап, орындық-үстелге дейінгі барлық жабдықтарын жаңалап, мүбәрак айға ерекше дайындықпен кірісті. 

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру