Ұлыстың ұлы күні «Әзірет Сұлтан» мешітінде ұлттық ойындармен ажарланды (ФОТО)

22 наурыз 2019 6249 0
Оқу режимі

Ұлттық мерекемізде Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағаты арасында ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылып, мешіт ауласында мерекелік шара өтті. Дәстүрлі сайыс аясында жұма намазына жиылған жамағат арқан тартыс, гір көтеру, қол күресі бойынша күш сынасып, өзара жеңімпаз анықтады.

Делебені қоздырған жамағат демеуімен жаңғырыққан мешіт ауласындағы сайыс бұл жолы ұзаққа созылып, жеңіске үміткерлердің қатары сәт санап көбейіп жатты. Күн райының жайлығынан да болар, сайдың тасындай іріктелген қатысушылар бұл жолы көптеп жазылып, сайыстың көрігін қыздыра түсті.

Қаумааған жамағат алдында өз мықтылықтарын дәлелдеп, қажыр-қайратын көрсеткен жеңімпаздарға республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің арнайы «Алғыс хаты» табысталып, жүлдемен марапатталды.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру