Ережеп айындағы ораза жайлы не білеміз?

03 ақпан 2022 7108 0
Оқу режимі

Ережеп айы қандай ай?


Жауап

Ең әуелі Ережеп айы – кешірім мен рақым айы. Рамазанның жаршысы болып табылатын бұл айда мұсылман баласы рамазан айындағы рухани тазалыққа даярлық жасайды.

Ережеп айындағы оразаға келер болсақ, имам Ән-Науауи «Шарх Сахих әл-Муслим» еңбегінде:

«Ережеп айындағы оразаға үзілді-кесілді тиым салынған, я болмаса дәл сол оразаны ұстаған абзал деген шешім жоқ. Алайда бұл айдағы оразаны ұстаған абзал деуге негіз бар» дейді.

Ары қарай ол былай деп жазады: «Әбу Дәуіттің «Сунанында» Алла Елшісінің тиым салынған айларда ораза ұстауға шақырғандығы айтылады. Ал Ережеп болса сол айлардың бірі болып табылады».

Осы мәселеге қатысты имам Хатиб әш-Ширбини «Муғни әл-Мухтаж» атты еңбегінде: «Рамазан айынан кейінгі ораза тұтылатын ең жақсы айлар тиым салынған айлар болып табылады. Соның ішіндегі ең жақсысы – Мұхаррам айы. Себебі имам Муслим келтірген хадисте Рамазаннан кейін Алланың айы Мұхаррамдағы оразаның абзалдығы айтылған. Одан кейін Ережеп айы тұрады, бұл көзқарас Ережеп айын тиым салынған айлардың абзалы деп санайтын ғалымдарға қайшы келмеу үшін айтылады.

Ережеп айындағы оразаға қатысы Ибн Омар, Ибн Аббас, Әнас, Саид ибн Жубайрлар бұл айды Рамазан айына ұқсатып жібермес үшін бірнеше күнді ортаға салып барып ораза тұтуды құп көрген.

Имам Ахмад: «Ережеп айында бір немесе екі күн ораза тұтпаңдар»,- деген. Яғни, имам Ахмадтың Ережеп айында көбірек ораза ұстағанды қолдайтынын аңғарамыз.

Ал Ержеп айына ораза тұтуды дінге енген жаңашылдық (бидғат) дегенге келетін болсақ, Ибн Хажар әл-Хайтами «Фатх әл-Мубин» атты еңбегінде «Ержеп айындағы ораза жайлы оны жаңашылдық (бидғат) деген пікірлер бар, алайда бұл қате. Керісінше, осы айдағы ораза сүннет амал болып табылады, бұл жайлы «Әл Фатауа әл-Кубра» еңбегімде толықтай жазып кеткенмін», -дейді.

Жоғарыда келтірілген көзқарастардан Ережеп айындағы ораза үлкен сауапқа қауыштырар амал болып табылатынын аңғарамыз.

Тегтер: ережеп ораза

Автор: muftyat.kz

Пікірлер Кіру