Денсаулығыма байланысты ораза ұстамауға бола ма?

16 наурыз 2023 7105 0
Оқу режимі

Менің басым қысып ауырады. Қан қысымы (давление) төмен. Уақытылы тамақ ішпесем түсіп кетеді. Не істегенім жөн?


Жауап

жылдың басқа мезгілінде де ораза ұстауға шамасы келмейтін қария кісіге және ораза ұстай алмайтын ауруға (өмірбойы ауыратын) ораза ұстамауға рұқсат етіледі. Оларға қазасын өтеу де шарт емес. Оларға тек күніне бір міскінді 2 рет яғни 30 міскінді 2 рет немесе 60 міскінді 1 рет тойдыру керек. Оны бірден беруге және бөліп те беруге болады. Тамақтандыруы - уәжіп.

قال تعالى: ﴿فمن كان منكم مريضا أو على سفر فعدة من أيام أخر و على الذين يطيقونه فدية طعام مسكين﴾ البقرة ۱٨٤

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Егер сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде ұстасын. Және сондай оразаға күші жетпейтіндер (кәрі не аурулар) бір міскіннің тамағын төлесін» ("Бақара",184)- деген. 

Пікірлер Кіру