Намазда тұрғанда шырылдаған ұялы телефонды өшірсе, намаз бұзыла ма?

05 мамыр 2023 4132 0
Оқу режимі

Мешітте жамағатпен намазда тұрғанда телефоным шырылдап қалса, қатты ыңғайсыз. Намазда тұрғанда шырылдаған ұялы телефонды өшірсем, намазым бұзыла ма?


Жауап

Намазда тұрғанда «көп қимылға» бармастан қалтасындағы ұялы телефонды бір қолмен өшірсе, намазы бұзылмайды. Дегенмен, мәкруһ. Сондықтан да, намазға бастамас бұрын аппаратты өшіріп немесе үнсіздікке қойған жақсы. 

Алайда, телефоны іліп қойған киімінің қалтасында болса, әлде жақын жерге қойған сөмкесінің ішінде болса, оны өшіру – «көп қимылды» тудыратындықтан намазы бұзылады (дәрет бұзылмайды).   

Ескерту: Шариғатта намазға қатысты «көп қимыл» және «аз қимыл» деген түсінік бар. Бірінші жағдайда, намаз бұзылады. Екіншісі, бұзбайды. Әлдекім намазында сырттан қараған кісіге «ол намазда емес» дейтіндей ой қалыптастыратын іс-қимылға барып жатса, онысы «көп әрекетке» саналып, намазы бұзылады. Қайта бастауы тиіс. Мысалы, намазда киімін шешу, киім кию, бір жерін қайта-қайта қасу (үштен көп), әдетте екі қолмен істелетін істі істеу т.б.  

Пікірлер Кіру