ТУРАЛЫҚ ЖАСАСЫН!

Сұрақ: Ең алдымен бізге не керек?
Жауап: Туралық!
Сұрақ: Сосын?
Жауап: Өтірік айтпау!
Сұрақ: Сосын?
Жауап: Шыншыл болу!
Сұрақ: Тек осы ғана ма?
Жауап: Иә!
Сұрақ: Неге олай дейсіз?
Жауап: Өйткені, туралық бар жерде адалдық, адалдық орнаған жерде ынтымақ, ынтымақ құлаш жайған жерде бірлік, бірлік бар жерде жарқын болашақ орнайды. Ал, өтірік бар жерде арамдық, арамдық орнаған жерде алауыздық, алауыздық құлаш жайған жерде ең үлкен ауру сенімсіздік пен үмітсіздік орнайды. Осы айғақ ретінде жетпей ме?
Сұрақ: Керемет. Тағы да нақтылап жібересіз ба?
Жауап: Біздің болмысымыз иманмен, адалдықпен және ынтымақ, бірлікпен жалғасын таппақ.
- Өкінішке орай, опасыз саясат өтірікке қолдау көрсетуі және зымиян пропагандалық жұмыстары арқылы халықты ақиқаттан алшақтатуы өз пайдасын халықтың мүддесі деп көрсетуінен басқа нәрсе емес. Опасыз саясатқа айтарым, өтіріктің түбі бір тұтам. Ерте ме, кеш пе - түбінде ақиқат қана көрінеді.
- Егер осылай жалғаса берсе, қоғамда әділет те, сенім де, ынтымақ та хаосқа айналады. Ондай қоғам тірі өліктің күйін кешеді. Сондықтан, туралық қана қоғамды сақтап қалатын біден-бір шара.
- Нақтылап кетейін: Иә, сөзбен алдау ұзаққа созылмайды. Ақиқат деп ойлаған қияли нәрселердің өмірі қысқа. Халықтың ой-пікірі қарқынды дамып келеді. Сөзбен алдау тоқтатылып, ақиқаттар нақты көрінетін болады. Ақиқат өзгермейді және ешқашан жеңілмейді.
P/S Әр заманның өзіне тән үкімі, талабы болады емес па. Бұл заман, біреудің пайдасы үшін өтірік айтуға болады деген уақытша пәтуаның үкімін жойды. Оны қазіргі уақытта беруге болмайды. Себебі, мына заманда ол үкімнің зияны жүз пайыз болса, пайдасы бір-ақ пайыз болуы мүмкін. Пайдасынан зияны көп болғандықтан пәтуа мансух (үкімі жойылды) болды. Ендеше, жол екеу-ақ. Не туралықты айту керек, не үндемеу керек! Олай болса, бар болмысымызбен туралық жасасын дейік!!!
Исламтанушы, PhD докторы Темур Аманқұл