БАС МҮФТИ АЛМАТЫДА АРДАГЕР ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған ресми іссапары барысында дін саласына ұзақ жылдар бойы сүбелі үлес қосқан ардагер дін қызметкерлерімен арнайы кездесті.
Кездесу барысында еліміздегі діни қызметтің өткені мен бүгіні, рухани сабақтастық, сондай-ақ жас буынға үлгі болатын өнегелі жол туралы әңгіме өрбіді. Ардагерлер дін жолындағы қызметтің жауапкершілігі мен аманаты жөнінде ой бөлісті.
Кездесу аясында Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойы аясында Бекмұратов Байзақ Орынбасарұлы мен Дәулетияр Сағитжан Әріпұлына «ҚМДБ-ға 35 жыл» мерекелік медалін табыстады.
Салтанатты рәсім барысында Бас мүфти ардагер дін қызметкерлерінің руханият жолындағы қажырлы еңбегіне ризашылығын білдіріп, үлкенге құрмет көрсету – шариғатымыздағы маңызды құндылықтардың бірі екенін атап өтті.





Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі