ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП–2025: ИХСАН ЖӘНЕ НАСИХАТ БАҒЫТЫ БОЙЫНША 7 371 УАҒЫЗ-НАСИХАТ ЖАРИЯЛАНДЫ
2025 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ихсан және насихат бағыты бойынша әлеуметтік желілер арқылы уағыз-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, сондай-ақ өңірлерде семинарлар ұйымдастырды. Бекітілген жоспар аясында атқарылған жұмыстар қоғамда рухани тәрбие мен имандылық құндылықтарын нығайтуға бағытталды.
Жамағатты зиянды әдеттерден сақтандыру және рухани тәрбиені күшейту мақсатында үш негізгі тақырып аясында бейне уағыздар әзірленіп, кеңінен таратылды. «Қоғам дерттері» тақырыбы бойынша ішімдік, нашақорлық, құмар ойын, зинақорлық және өзге де зиянды әдеттердің салдарына арналған 2 263 уағыз-насихат жарияланып, 11 514 644 қаралымға жетті. «Жүрек дерттері» бағыты аясында ниет тазалығы мен рухани кемелдену мәселелерін қамтыған 2 517 бейне уағыз жарияланып, 5 219 027 қаралым тіркелді. «Нәпсі тәрбиесі» тақырыбында өзін-өзі тәрбиелеу, сабыр мен тақуалыққа қатысты 2 634 уағыз-насихат жарияланып, 5 999 489 қаралым жиналды. Жалпы әлеуметтік желілерде 7 371 уағыз-насихат жарияланып, олардың жиынтық қаралымы 22 733 160-ты құрады.
Сонымен қатар имамдардың біліктілігін арттыру және жас отбасыларға рухани-танымдық қолдау көрсету мақсатында өңірлерде бірқатар семинарлар өткізілді. «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында өңір имамдарына арналған 192 семинар ұйымдастырылып, 8 193 адам қамтылды. Уағыз жүргізу мәдениетін жетілдіруге бағытталған 176 семинарға 4 132 адам қатысып, ал «Ислам және отбасы» бағыты бойынша жас отбасыларға арналған 226 семинар өткізіліп, 12 472 адам қамтылды. Жалпы семинарлар саны 594, қатысушылар саны 24 797 болды.










Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі