ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП–2025: ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША 2893 АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

30 желтоқсан 2025 397 0
Оқу режимі

Биылғы жылы «Жат діни ағымдардан» сақтандыру бағыты бойынша қоғамда діни тұрақтылықты сақтау, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау және халықтың, әсіресе жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында бірқатар жүйелі іс-шаралар атқарылды.

Атап айтқанда, жат ағым жақтастары көп шоғырланған, яғни күнделікті бесін және құптан намазына қатысушылардың 30 пайызынан артығы деструктивті діни бағыттарды ұстанатын азаматтарды құрайтын мешіттер нақтыланып, нақты тапсырмалар берілді. Профилактикалық бағытта аталған мешіттерде шариғи талас-тартыс мәселелерін түсіндіру бойынша ЖАНТ және РАНТ әлеуеті кең түрде қолданылды. Есептік мерзімде еліміз бойынша Діни оңалту мамандарына арнап Қазақстан үшін 150 мешітте 2893 ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті. Аталған түсіндіру жұмыстары жат ағым жақтастарының құлшылыққа қатысатын уақытында, яғни бесін немесе құптан намаздарын алдында айтылды

Келесі маңызды бастама – спортшылар арасында деструктивті және радикалды идеялардың таралуын алдын-алу. Аталған бағыттағы іс-шараларды тиімді жүзеге асыру мақсатында Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетімен тығыз байланыс орнатылды. ҚМДБ қызметкерлері уәкілетті мемлекеттік мекемелер тарапынан ұйымдастырылған 196 іс-шараға қатысып, 2689 адамға жат ағымдардың зардаптары жайлы ақпарат жеткізді.

Дәстүрлі емес жат діни ағымдардың адасушылық сипаттарын ашатын Таухид – бір бүтін сенім – Таухид – неделимая вера кітапшасы және жат ағым жақтастарымен оңалту жұмыс жасау ерекшеліктерін көрсететін «Дерадикализация и теологическая реабилитация в системе профилактики религиозного экстремизма в Казахстане» әдістемелік құралы толық әзірленді.

Жылдық жоспарға сәйкес діни оңалту мамандарының кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында Республикалық деңгейде 2 семинар өтті.

Жат діни ағымдардың анықтамасы мен қателіктерін халыққа жеткізу мақсатында Шаңырақ жобасы аясында және өкілдіктер тарапынан жалпы 256 материал жарыққа шықты.

Мүфтияттың арнайы жоспарына сай Қазақстан үшін дәстүрлі емес және жат діни ағымдардың деструктивті тұстары мен зияндылығын қоғамға  ашып көрсету мақсатында бекітілген кесте бойынша ҚМДБ өкілдіктері тарапынан «Мұнара» газетінің «Шырмауық» айдарына мақала дайындап беру тапсырылған болатын. Бүгінге дейін газет беттерінде 24 мақала жарық көрді. Сонымен қоса, алғашқы рет Иман журналының бір саны Жат діни ағымдардан сақтандыру тақырыбына арналды.

Жазасын өтеп жатқан азаматтарға, олардың отбасы мүшелеріне, Жусан операциясы аясында елге оралған азаматшаларға және ДДА жақтастарына жалпы 1989 адамға қайырымдылық акциялары кезінде түрлі форматта көмектер берілді.

Көрсетілген қайырымдылық көмек түрлері:

1- Азық-түлік;

2- Дәрі-дәрмек;

3- Киім-кешек;

4- Балаларға арналған оқу құралдары;

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға дұрыс діни мағлұматтарды жеткізіп, дәстүрлі діни құндылықтарды қалыптастыру мақсатында 50 мекемеге 2145 дана кітап апарылды.







Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру