АДАМДЫ ҚИЫНДЫҚТАН АЛЫП ШЫҒАТЫН ҚАСИЕТ!

02 шілде 2024 1339 0
Оқу режимі

*. Дәл осы сәтте біреу балалы болып қуанып жатса, енді бірі жақынынан, танысынан айырылып жатыр...

*. Дәл осы сәтте біреу той жасап қуанып жатса, енді бірі ажырасу үшін арыз жазып отыр...

*. Дәл осы сәтте біреу далаға шығып, қыдырып жүрсе, енді бірі темір тордың ар жағында отыр...

*. Біреу үйінде «бүгін не істесем, қайда барсам екен?» деп іші пысып отырса, енді бірі қол жууға да уақыт таппай, екі өкпесін қолына алып шапқылап жүр.

*. Біреу еркелететін ата-анаға зар болып отырса, біреу анасына зекіп, әкесін ренжітіп жатыр...

*. Соған қарағанда бұл өмір орнында тұрмайды екен.

Бүгін жылап отырсаң, ертең түк болмағандай күліп жүруің мүмкін.

Бүгін қарызға батып біреуден ақша сұрап жүрсең, ертең қарыз алатын адам іздеп жүруің мүмкін...

Бәрі де мүмкін.

Себебі, бұл – ӨМІР!

Өмірдің құрылымы сондай, өмір сонысымен сынақ.

Бұл туралы қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресінде: «Алла осындай күндерді адамдардың араларында алмастырып тұрады» - делінген.

*. Бір нәрсені біл! Қандай жағдай болмасын, өмірдің барлық тұстарында адамды өзін жоғалтып алудан (яғни байлық келсе тасып, қиындық келсе жасып кетуден) сақтайтын, бірқалыпты болуына жәрдемдесетін бір нәрсе бар. Ол – тақуалық (Аллаға бойұсыну, жазасынан қорқып, сақтану).

*. Алладан қорқатын адам – қиындық келсе, сабыр етеді, бұл оған сауап болып жазылады.

*. Қуаныш келсе, шүкір етеді, бұл да оған жақсылық болып жазылады.

*. Кедейлік келсе, уақытша кедергіні төзіммен еңсереді,

*. байлық келсе, асып-тасып кетпей, орнымен пайдаланады. Бұл да өзіне игілік болады.

*. Демек, тақуалық – адамды сынудан, жойылып кетуден сақтайтын мықты «іргетас».

Сондықтан «іргетасымыз» мықты болсын. Сол кезде ешқандай жел бізді құлатпақ түгілі, дірілдете де алмайды!

Пікірлер Кіру