АДАМЗАТҚА БЕРІЛГЕН НЫҒМЕТТЕР

05 сәуір 2024 1613 0
Оқу режимі

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: نِعْمَتَانِ مَغْبُونٌ فِيهِمَا كَثِيرٌ مِنَ النَّاسِ: اَلصِّحَّةُ وَالْفَرَاغُ. (خ)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Екі нығмет бар, жұрттың көбі ол екеуінен алданады: Дансаулық және бос уақыт”. (Сахих Бұхари)

Адамға берілген нығметті санап тауысу мүмкін емес. Бұл нығметтер жалпы екі түрге бөлінеді.

Мұның біріншісі, мәңгілік болған, ешқашан өзгермейтін және жоғалмайтын нығметтер. Бұлар ақырет нығметтері.

Ал екіншісі, өзгеріп, жоқ болатын нығметтер. Бұлар дүниеге тән нығметтер. Бұл дүнияуи нығметтер бізді ақырет нығметтеріне жеткізбегенімен, шөлде су секілді көз алдайтын сағым тәрізді. Aлдамшы мақтан, бүлік пен азап.

Дүниеге тән нығметтерді тиісті түрде пайдаланып, қандай мақсат, хикметпен жаратылған болса, соған сай бағаланып қажетке жаратқанда ақиқат болған ақырет нығметі мен бақытына себеп болады.

Біреулер дүние нығметтерін осылай Алла Тағала бұйырғандай пайдаланады. Солай істегендіктен одан пайда көреді және дүние нығметтері олар үшін шынайы нығмет, нағыз бақыт болады. Мұндай кісілер дүние мен ақыретте өте таза және жайлы өмір сүреді.

Ал біреулер дүние нығметтерін пайдаланғанда Алла Тағала көрсеткен шектен асады, дүниеге қызығады. Сол себепті дүние нығметтері олар үшін жаза мен жаһаннамда азапқа себеп болады. Сөйтіп олар дүниеде де, ақыретте де қиналады.

Пікірлер Кіру