ӘДЕП

20 ақпан 2024 1740 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ешбір (ана және) әкебаласынакөркемәдептен (мінезден) артықешнәрсесыйламаған, бермеген». (Хаким, «әл-Мүстәдрак»)

Алла Тағала Тахрим сүресінің 6-аятында (мағынасы): «Уа, Иман еткендер өздеріңді және отбастарыңды оттан (тозақтан) қорғаңдар» - деген.

Яғни, оларды тозаққа жақындауына себеп болатын фитна және күнәлардан қорғап, Алла Тағаланың әмірлеріне, ғибадаттарына бет бұрғызу. Өйткені адам өзіне жауапты болумен қатар отбасы үшін де жауап береді. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Барлығыңрағисыңдар (қоластындағылардыңбарлығынқорғауғаміндетті) жәнебарлығыңқоластындағыларданесепкетартылады»

Әли (к.у) жоғарыдағы аяттағы «отбасыңды қорғаңдар» бұйрығын «оларға әдеп пен ілім үйретіңдер» деп тәпсірлеген. Амандықтың тек әдеп пен ілім арқылы болатындығын ескерткен.

Омар (р.а.): «Алдымен әдеп үйрен сосын ілім үйрен» - деген.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ешбір (ана және) әкебаласынакөркемәдептен (мінезден) артықешнәрсесыйламаған, бермеген» - деген. Бала уақытында тәрбиелену керек. 

Темір ұрылады, ағаш жас кезде егіледі. «Әр іс уақытында, маусымында орындалады». Бір істі уақытында жасағанда оның нәтижесі де кемел болады. Сондықтан тәрбиенің де уақытына мән беру керек. Хасан Басри (раһ.) «Бала кездегі ілім тасқа жазылған таңбадай» деген. 

Абдулла ибн Мүбәрак (рах.) былай дейді: «Бұрынғылар мен кейінгілердің іліміне ие бірі бар екендігі айтылса онымен жолықпағаныма уайымдамаймын. Бірақ ілім жолының әдебін меңгерген бірін естісем онымен жолығуды армандаймын және жолыға алмасам қайғырамын».

Имам Раббани (қ.с.): «Әдептен жұрдай болғандардың Алла Тағалаға жетуі мүмкін емес» - деген.

Әбул-Фаруқ Сүлеймен Хилми Тұнахан (қ.с.) (Силистрәуи) былай дейді: «Рухани жолдың барлығы әдеп. Ешқандай әдепсіз тура жолға ере алмайды» - деген.

 

 

Пікірлер Кіру