АЛА ЖІПТІ АТТАМА - АР НАМЫСТЫ ТАПТАМА! (Тәмсіл)

16 қазан 2023 3769 0
Оқу режимі

Қарап отырсаң қазағымның қай ырымынан да тамаша тәмсіл көруге болады.  Бабаларымыз баланың сәби кезінде аяғына ала жіп байлап, тұсауын кеседі. Жұртқа белгілі, абыройлы, көпті көріп, көп жасаған қарияларға серт қылып:

«АЛА ЖІПТІ АТТАМА - АР НАМЫСТЫ ТАПТАМА!» деп, бата жасап, тұсауын кестірген.

Кезінде Барақ сұлтан Әбілхайыр ханды аң аулап жүрген кезінде оңашада қастандық жасап, өлтірген.

Әбілхайыр ханның жақын туыстары мен жақтастары Барақ сұлтанды ұстап әкеліп, қазақы киіз үйге қамап, есікке ала арқан жіпті көлденең байлап қойыпты. Ертеңіне сол елге елшілікпен келіп жатқан орыс пен қытайдың адамдары атақты сұлтанды өз көздерімен көрейін деп, жаңағы ол отырған киіз үйге келсе, Барақ сұлтанның төрде жастыққа сүйеніп, шынтақтап жатқанын көреді .Сонда олар бұл жатысына таң қалып:

«Есігі ашық үйден неге қашып кетпейсіз!» - деп сұрағанда,  Барақ сұлтан:

«Қалай қашып кетемін, есікте ала жіп көлденең байлаулы тұрса, ал мен ала жіпті аттап, ар намысты таптап, сертті бұзып қашып кететін, жаманың мен емеспін?!», -деп қасқая жауап беріпті...

Міне, көрдің бе , бұл біздің бала кезіміздегі салт дәстүріміз бойынша аяқ тұсауымыз ала жіппен кесілген ант сертіміз!

Қазағымның шынайы намысы мен ұлылығы осыдан ақ көрініп тұр !

 

 

 

Пікірлер Кіру