Алғаш уахи түскен Хира үңгірі

08 шілде 2019 22249 0
Оқу режимі

Хира – ерекше мәртебеге ие болған үңгір. Бұл үңгірде адамзаттың ардақтысы Мұхаммедке (с.ғ.с.) пайғамбарлық келді. Жәбірейіл (ғ.с.) періште әлем Раббысының елшісіне алғашқы Құран аяттарын түсірді. Пайғамбарлықтан алдын Алла елшісі (с.ғ.с.) Хира үңгірінде қылует етіп, құлшылықта болатын. Бұл жайында мұсылмандар анасы Айша (р.а.) «Ол кісі Хира үңгірінде қылуетте қалып, құлшылық ететін»,[1]– дейді.

Хира үңгірі Меккенің жоғарғы жағында, әл-Харам мешітінің солтүстік шығысында орналасқан. Мина жазығы жолының сол жақ бетінде. Мекке мен Хира үңгірі арасын 4,8 км. 634м биіктікте орналасқан.

Мекке халқы бұл үңгір орналасқан тауды Нұр тауы деп атайды. Үңгірдің кірер ауызы солтүстікке қараған. Ішіне тоғыз адам емін-еркін отыра алады. Ішінің биіктігі орта бойлы кісі тік тұра алатындай шамада.

Ескере кетерлік жайт, Хира үңгіріне барып құлшылық ету қажылықтың шарты емес. Тарихи орын ретінде, барып ғибраттануға болады. Одан артық әрекет жасауға болмайды.

 

Руслан Камбаров
Muslim.kz
мұрағатынан

 


[1] Бұхари, Муслим.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру