АЛЛА ТАҒАЛАҒА ИМАН

09 қараша 2023 2211 0
Оқу режимі

Иманның алты шартының ең әуелгісі – Алла Тағалаға иман. Ақыл-есі бүтін, кәмелет жасына толған әрбір жеке адамның ең алғашқы және ең маңызды міндеті – Алла Тағаланың бар және бір екендігіне илану, иман келтіру. Айналамызға қарасақ, ешбір нәрсенің өзінен-өзі, кездейсоқ жаратылмағанына көзіміз жетеді. Осынау ғажайып жаратылыстың шексіз Құдіретті Жаратушысы міндетті түрде болуы тиіс.
Қолымыздағы сағаттың, көз алдымыздағы ғимараттың жасаушы ұстасы болмайтын ба еді? Күмәнсіз, бар. Ол нәрселердің өзінен-өзі пайда болды деген ойды ақыл қабыл ете ме? Әлбетте, қабыл етпейді.
Олай болса, шегі-қиыры жоқ алып ғаламның да, таңғажайып шеберлікпен жаралған адамның да «Ұлы Ұстасы» бар.Ал осынау жаратылыстың керемет үйлесіммен, ақаусыз жұмыс істеп тұрғаны Алланың жалғыз екенін көрсетеді.

Ендеше, ең басты міндетіміз, бізді жаратқан және тіршілік берген Алла Тағалаға иман ету, Оған пенде болып байлану.

Пікірлер Кіру