АЛЛАНЫ ТАНЫҒАН ЖҮРЕККЕ ЖАРАТЫЛЫСТЫҢ МАҚТАУЫ ҚАЖЕТ ЕМЕС

08 маусым 2026 95 0
Оқу режимі

Адамдардың сөздері қаншама жүректі жаралады екен? Қаншама жан өзін кішкентай сезініп, өз құнынан күмәндана бастады?

 Бір көзқарас, бір сөз, бір салыстыру… кенеттен жүрек көтере алмайтын жүк арқалап қалады.

Адамдар бір-бірін сұлулықпен, ақшамен, мансаппен, атпен және тегпен өлшейді.

Бірақ Алланың сүйіктісі болған Жулайбибке (р.а.) қарағанда олар не көрді?

Мансабы жоқ, байлығы жоқ, сыртқы сұлулығымен ерекшеленбейтін жанды адамдар менсінбей қарады.

Ал оған Пайғамбар ﷺ қалай қарады? Әлемнің мырзасы ﷺ оны қалай көрді?

Ол — махаббатқа лайық жүрек деп көрді.

 Қамқорлыққа лайық жүрек деп көрді.

 Құрметке лайық жүрек деп көрді.

Адамдар оны кемшілік деп көрді, ал сүйікті Пайғамбар ﷺ оның қадірін көрді.

 Рахмет пайғамбары ﷺ оның ішкі жанын көрді.

Осы жеткіліксіз бе?

Ендеше неге жүрек адамдардың разылығын іздеп шаршайды? Адамдар өз жарасына, нәпсісіне, сезіміне қарай сөйлейді және бағалайды.

 Бүгін мақтайды, ертең ұмытады.

Ал кім Алланы таныса және Оның Елшісін ﷺ таныса — оның бар арманы Аллаға жақындау болады.

Оның мақсаты — тек махаббат.

Оның тілегі — Алла сүйетін жүрекке жету.

Уа, Раббым, осы жүректерге осы түсінікті аш.

Оларды адамдардың көзімен емес, Өз мейіріміңмен өздерін көруге нәсіп ет.

Өйткені Алланы таныған жүрекке жаратылыстың мақтауы қажет емес.»

Bekzhan Azhimov

 

 

Пікірлер Кіру