АНТ ДЕГЕН НЕ?

14 қараша 2023 2340 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім, (бір істі істеуге) ант етсе, (сосын) басқа істі (амалды) одан артық санаса, оны жасасын. Анты (орындамаған) үшін кәффарат берсін». («Сахих Мүслім»)

Ант – Бір істі жасау үшін немесе жасамау үшін Алла Тағала атымен ант ету немесе бір шарт қою арқылы жасалған келісім. Мысалы: «Уаллаһи (Алла атымен ант етейін) пәлен істі жасадым» немесе «жасамады» деп айту ант ету арқылы серт. «Пәлен істі жасаған болсам» немесе «жасасам бір күн ораза тұтамын» деп айту шарт қосу арқылы серт. Жасалуы мүмкін және болашаққа қатысты нәрсе жайында мысалы «Уаллаһи мен ертең қарызымды төлеймін» немесе «Уаллаһи мен ертең пәленшемен сөйлеспеймін» деп айту сияқты анттарға мән берілсе кәффарат қажет емес. Ал мұндай анттар бұзылса, яғни ертеңіне қарыз төленбесе немесе ол адаммен сөйлессе ант бұзылып, кәффарат өтеу керек.  

Міне осы анттар зорлықпен, қателікпен немесе ұмытып орындалмай қалса кәффарат қажет болады.

Сертке мән беру керек. Бірақ сертке мән бергенде діни міндет орындалмай қалар болса немесе бір пәлекет жасалар болса ол антты бұзуға болады, бұзу керек. Бұл ант орындалмаған кезде де кәффарат өтеледі. Сосын Алла Тағаладан кешірім сұралады. Мысалы біреу қарыз төлемеуге немесе әкесімен сөйлеспеуге ант етсе мұны бұзады. Қарызын төлейді, әкесімен сөйлеседі. Сосын кәффәратын өтейді.

 

 

Пікірлер Кіру