АПТА КҮНДЕРІНІҢ АТАУЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ МЕН ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ

30 қыркүйек 2024 349 0
Оқу режимі

Дүйсенбі (Дүшенбе)

"Дүйсенбі" сөзі "дө" (екі) және "шембе" сөздерінің бірігуінен шыққан. "Дө" сөзі үнді-еуропалық тілдердегі "екі" сан есімінің өзгерген түрі.

Сейсенбі (Сейшенбе)

"Сейсенбі" сөзі "се" (үш) және "шембе" сөздерінің бірігуінен шыққан. "Се" сөзі көне парсы тілінде "үш" деген мағынаны білдіреді.

Сәрсенбі (Чәршәмбе)

"Сәрсенбі" сөзі "чехар" (төрт) және "шембе" сөздерінің бірігуінен шыққан. "Чехар" сөзі көне парсы тілінде "төрт" деген мағынаны білдіреді.

Бейсенбі (Пәнжшәмбе)

"Бейсенбі" сөзі "пәндж" (бес) және "шембе" сөздерінің бірігуінен шыққан. "Пәндж" сөзі үнді-еуропалық тілдердегі "бес" сан есімінің өзгерген түрі.

Жұма (Джұма)

"Жұма" сөзі араб тілінен енген. Бұл атау араб тілінде "жиын" деген мағынаны білдіреді, өйткені мұсылмандар жұма күні жиналып, намаз оқиды.

Сенбі (Шәмбе)

"Сенбі" сөзі парсы тілінен "шембе" сөзінен шыққан. Бұл сөздің төркіні көне Шығыс тілдерінде "жарық шығаратын аспан денесі" деген мағынаны білдіреді. Апта күндерінің атауларының көпшілігі парсы және араб тілдерінен енген. Әсіресе, парсы тілінен енген атауларда "шембе" сөзі жиі кездеседі, бұл сөз ежелгі Шығыс тілдеріндегі "жарық шығаратын аспан денесі" деген мағынаны білдіреді. Күн аттарындағы сан есімдер үнді-еуропалық тілдердегі сан атауларымен байланысты.

Жексенбі (Йекшенбе)

"Жексенбі" сөзі парсы тілінен енген. "Йек" сөзі санскрит пен көне парсы тілінде "бір" деген мағынаны білдіреді. Осылайша, "Йекшенбе" "бірінші күн" деген мағынаға ие.

Жеті күннің ырымдық мәні

Дүйсенбі

Дүйсенбі күні ерекше сәтті күн. Әрқандай жұмысты дүйсенбі күні бастаса, ақырына дейін сәтті болады. Үй шаруасымен айналысса, үйіне құт тасып кіреді. Дүйсенібі күні жолушы жүрсе, барар жеріне аман барып, қайтарда олжалы оралады. Дүцсенбі күні тырнақ, шәш алып тазаланса тоқсан тоғыз тарау жақсылыққа жолы ашылады.

Дүйсенбі күні Ибраһиым пайғамбар ең алғаш кағыба мешітінің ірге тасын қалаған күн. Бұл күні үй құрлысының ірге тасын қаласа, ол үй өмір бойы іші құтқа, шаңырағы баққа толып тұрады.

Дүйсенбі күні Алланың елшісі Мұхаммет пайғабар дүниеге келген күн. Бұл күні туылған бала әрі бай, әрі бақытты және абыройлы болып туылады.

Дүйсенбі күні қайырымдылық жасаса, біреуге көмек көрсетсе, бір жақсылығы мың жақсылық болып өзіне оралады.

Сейсенбі

Сейсенбі күні сәтсіз күн деп санайды. Бұл күні маңызды істерді бастамайды. Бұл күні басталған іс аяқсыз қалады деп санайды.

Алыс сапарға шықпайды, жолаушы жүрмейді. Тырнақ және шәш алмайды. Олай етсе отбасы мүшелерінің біреуіне қауіп төнеді деп ырымдайды.

Сейсенбі күні Адам атаның балалары Қабыл ағасы Әбілді өлтірген күн. Жер бетінде ең алғаш қан төгіліп, қабырға адам жерленген күн. Хауа ана алғаш қайыз қан көріп жерге арам қан тамған күн. Перқауын жаман түс көріп, еліндегі ұл балалардың қанын судай ағызып қырған күн. Осы себептерден сейсенбі күнді сәтсіз күн деп есептеген.

Бұл күні қазақтар құда түспейді, қонақ күтпейді, келін түсірмейді, қыз ұзатпайды, той жасамайды. Жаңа жұмыс бастамайды.

Сәрсенбі

Сәрсенбі күні сәтті күн. Бұл күні жолға шықса, алыс сарар алса, жолушының жолы болады. Олжалы барып, олжалы оралады. Құда түссе, келін түсірсе, қыз ұзатса, той жасаса бәрі баянды болады.

Сәрсенбі күні тырнақ алып, шәш кеспейді. Олай етсе қол қысқарып, басқа ауырлық келеді деп ырымдайды.

Бейсенбі

Бейсенбі күні өте сәтті күн. Беиіш күн деп санайды. Бұл қонақ шақыру өте жақсы ырым. Құт тасып береке орнайтын күн. Бұл күні қонаққа келген адамдармен қарым-қатынас күшейеді деп ырым етеді. Ибраһиым пайғамбар ылғи да бейсенбі күні қонақ шақырып күткен.

Бейсенбі күні сауда жасаса, табысы шәш етектен болады. Үлкенен кісілерден бата алса, бағы жанып, жолы ашылып, бақытты болып ғұмыр сүреді. Бұл күні өкпе-іренішті кешсе, екі дүниеде бақытты болады деп ырымдайды.

Бейсенбі күні тырнақ алып, шәш кестірсе басына бақыт құсы қонады.

Жұма

Жұма күні саупты күн. Бұл күні намаз оқып, дұға етесе, жұма намазға қатынасса, қажылық өтегендей сауап алады. Мұсылмандар үшін қасиетті күн болғандықтан, бұл күні дұға-тілектерінің қабыл болуын тілейді. Бас қосатын жұбайлар неке оқытса, неке суын ішсе, махаббаттары мәңгі баянды болады. 124 пайғамбарды көбі жұма күні неке оқытып жұбына қосылған.

Жұма күні үй жинаса, үйді тазаласа, үй іші берекеге толады деп сенеді. Тырнақ алып, шәш кессе, басындағы ауыртпалықтар жеңілдейді.

Сенбі

Сенбі күні сейіл күн. Бұл күні демалып, күш жинап, сейіл құрып, аң аулап, құс қулап тәбиғат аясына шықса, адамның басындағы уайымнан айырылады. Қонаққа, тойға барса, көңілі өсіп, мінезі кеңіп қалады.

Сенбі күні басталған істі соңына дейін жеткізу керек. Бұл күні басталған істі аяқтап тастау жақсы ырымға бағаланады. Сенбі күні тырнақ алып, шәш кесуге болмайды. Қол қысқарып, бас ауыратын болады.

Жексенбі

Жексенбі күні - сәтті күн. Бұл күні тырнақ алып, шәш кеспеу керек. Қалған жақсы істердің бәрін істей беруге болады. Алысқа сапар алман жөн.

Бұл ырым-тыйымдар халықтың тұрмыс-тіршілігі мен наным-сенімдерімен тығыз байланысты. Олардың кейбірі қазіргі заманға сәйкес келмесе де, көптеген адамдар үшін бұл дәстүрлер маңызды.

Исламдағы жеті күннің маңызы

Ислам дінінде аптаның жеті күні әртүрлі діни және рухани маңызға ие. Мұсылман күнтізбесі мен діни ғұрыптарында бұл күндердің әрқайсысы ерекше мәнге ие. Міне, аптаның жеті күнінің исламдағы маңызы.

Дүйсенбі (Ихнин)

. Пайғамбардың туған күні: Мұхаммед пайғамбар дүйсенбі күні дүниеге келген.

. Ораза ұстау**: Дүйсенбі күні ораза ұстау сүннет амал болып табылады, бұл күнгі оразаның сауабы мол деп есептеледі.

Сейсенбі (Суласа)

. Сапарға шығу күні: Кейбір хадистерге сәйкес, пайғамбарымыз сейсенбі күні сапарға шыққанды ұнатқан.

. Ауыртпалық күні: Кейбір деректерде сейсенбі күні ауыртпалықтарға толы күн ретінде саналады, сондықтан осы күні сақтық шараларын қабылдау ұсынылады.

Сәрсенбі (Арбаа)

. Жолға шығу күні: Бұл күні сапарға шығу сүннет болып саналады.

. Сәби дүниеге келсе, жақсы күн: Сәрсенбі күні дүниеге келген сәби берекелі болады деп есептеледі.

Бейсенбі (Хамис)

. Ораза ұстау: Бейсенбі күні ораза ұстау сүннет амал болып табылады.

. Істердің дайындық күні: Мұсылмандар жұма намазына дайындық ретінде бейсенбі күні тазаланып, рухани дайындық жасайды.

Жұма (Жұмуа)

. Қасиетті күн: Исламдағы ең қасиетті күндердің бірі. Бұл күні жұма намазы оқылады.

. Дұға күні: Жұма күні жасалған дұғалар қабыл болады деп сенеді.

. Кешірім күні: Бұл күні Алладан кешірім сұрау, тәубе ету маңызды.

Сенбі (Сабт)

. Жаңа іске кіріспеу: Кейбір ислам ғұламалары сенбі күні жаңа іске кіріспеуді ұсынған.

. Демалу күні: Жұма күнінен кейінгі демалу күні ретінде саналады.

Жексенбі (Ахад)

. Жаңа апта бастамасы: Кейбір мұсылман елдерінде апта жексенбіден басталады.

. Құран оқу күні: Бұл күні Құран оқу және діни білім алу ұсынылады. Жалпы, ислам дінінде аптаның әр күні ерекше маңызға ие және әр күннің өзіне тән діни амалдары бар. Жұма күні әсіресе маңызды, өйткені бұл күн мұсылмандар үшін қасиетті күн болып саналады.

 

 

 Болат БОПАЙҰЛЫ

 

Пікірлер Кіру