АҚЫЛДЫ БАҒБАН

04 сәуір 2025 261 0
Оқу режимі

Бір сұлтан бағбанына өзіне сыйға берілген тай туралы сұрайды;

Бағбан:

- «Сұлтаным бұл жылқының тегі бөлек-ау”- деп жауап береді;. Неге? Не болды?-деп сұрайды сұлтан.

- Сұлтаным, асыл тұқымды аттың арқасына шыбын немесе басқа жәндік қонса, құйрығымен қуып жібереді. Мына тай басын айналдырып, сиыр сияқты аузымен шыбындарды қуады екен.

Мұның себебін білу үшін Сұлтан тайды сыйға берген адамды шақыртып сыйға алған тай туралы мәлімет сұрайды. Оны сыйға тартқан адам:

 -Сұлтаным, тайынымыздың енесі құлындағаннан кейін өліп қалғандықтан, оны сиыр сүтімен асырадық?

Осылайша, мәселенің құпиясы білген Сұлтан өз адамдарына әлгі Бағбанға қосымша бір табақ тамақ беру туралы бұйрық береді.

 * Тағы бірде досы сұлтанға әдемі, үлкен күркетауық сыйлайды. Біраз уақыттан кейін сұлтан бағбанға барып, күркетауық туралы сұрайды. Бағбан “Сұлтаным бұл құстың тегі бөлек-ау”- деп жауап береді, себебі Сұлтаным, негізі күркетауық таңда қанаттарын жәйіп тамаша дауыс шығарып сайраушы еді, ал бұл таңда қаннаттарын жәйіп алады да дәл шақырар сәтте басын суға малады. Сұлтан істің ақ-қарасын білу үшін күркетауықты сыйға тартқан адамды шақыртады. Ол кісі үйректің ұясына күркетауықтың жұмыртқасын салғанын және күркетауықтың үйректің балапандарымен бірге өскенін түсіндіреді. Бұл мәселенің жұмбағы да ашылғанда

Сұлтан тағы да Бағбанға қосымша бір табақ тамақ беру туралы бұйрық береді.

 * Бірде таңертең Сұлтан бақшада жалғыз серуендеп жүріп бағбанды шақырып алып “Бағбан мырза, менде мәселе бар ма? Сынаңызшы дейді Бағбан “Сұлтаным сіздің де тегіңіз бөлек-ау”- дейін десем қорқамын десе керек. Сұлтан дереу өмірінің соңғы сәттерін күтіп науқастанып жатқан анасына барып:

“Анашым, маған сеніңіз, мен сізге ренжімеймін, ашуланбаймын да. Мен өзімді ақсүйек тұқымынан деп есептейтімін, сіз менің тегім туралы ақихатты айтыңызшы? деп өтінеді. Не себептен білгісі келгенін анықтаған анасы өмірден өтер сәтте бейуаз бағыбанның қанын арқалап тағы бір күнә арқалағасы келмесе керек “Балам, сенің әкең болған сұлтан басқа әйелдері ұлды болмаған соң оларды жазаға кесті де қартайғанда небәрі 15 жасымда маған үйленген еді. Мен сұлтан сапарда жүргенде қыз бала дүниеге әкелдім де, дәл сол күні ұл балалы болған біздің сарайдың аспазының әйеліне алтын,күміс беріп балаларымызды алмастырдық… бәлкім сұлтанның қаһарынан қорқып қателескен балармын”-дейді. Ақиқатты білген сұлтан бағбанды шақырады да; -Ой, бізге оқиғаның тылсым сырын айтатын асыл адам;

 Құлын мен күркетауықтың жағдайынан хабардар болдық. Түсінбейтінім, бірақ менің жағдайымды қалай білесің?

Бағбан:

- Уа, ұлы сұлтан, мұны түсінуден оңай не бар? Мен білетін сұлтандар ақыл иесіне сый сияпат бергенде “бір кесе алтын бер” дейтін. Ал сіз: “Маған қосымша бір тостаған тамақ бердіңіз” депті бағбан.

 

Түрік тілінен тәржүма Tilek Hayirdin 

 

Пікірлер Кіру