АҚЫЛДЫ ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ!

04 қыркүйек 2023 1789 0
Оқу режимі

Бір мәжілісте бас қосып сөйлесіп отырғанда Шоң биге Мұса мырза:              

- Ақ сауыт деп нені айтамыз,

Арғымақ деп нені айтамыз?’

Ақылды деп кімді айтамыз,

Ер жігіт деп кімді айтамыз? — деп сұрақ қойыпты.

Бұған Шоң:

- Ақ сауыт деп айтамыз,

Атқанда оқ өтпесе.

Арғымақ деп айтамыз,

Желгенде жылқы жетпесе.

Ақылды -деп айтамыз,

Тозған елді септесе.

Ер жігіт деп айтамыз,

Жауға тастап кетпесе! — депті.

 

Пікірлер Кіру