АҚЫРЕТ ТАҚУА ЖАНДАР ҮШІН

04 наурыз 2024 1441 0
Оқу режимі

Қасас сүресінің 83-аятында: «Мынау – ақырет мекені. Біз оны жер бетінде тәкаппарлық пен бұзақылық жасамағандарға береміз. Негізінде, соңғы табыс тақуалар (Алладан қорқатындар) үшін» - денілген. 

Бұл аят былай тәпсірленген:

Алла тағала жер бетінде тәкаппарлық пен бұзақылық жасамағандарға ақыретте тыныштық пен бақыт сыйлайтынын мәлімдейді.

Тәкаппарлық: имандылыққа бойсұнбау, тәкаппар болу деген сөз. Бұзақылық: раббысына қарсы шығып, өз нәпсісіне еру деген. 

Перғауын сияқты бір-біріне тәкаппарлық танытатындар, Қарун сияқты фәни дүние байлығына сүйеніп Аллаға бойұсынбағандар, жер бетінде бұзақылық жасап, дінсіздікті таратуға тырысатындар ақырет жақсылығынан мақрұм қалады.

Ақырет мекені, жұмақ тақуалар (Алладан қорқатындар) үшін. Дүниелік байлықтың маңыздылығы жоқ. Мәңгілік нығмет Алладан қорқып, әмірлерін орындап, күнәдан аулақ болғандарға бұйырды, олар осындай бақытқа жетеді. 

Әли (р.а.): «Бұл аят билеушілер мен басқа да құдіретті адамдар арасында әділ әрі кішіпейіл болғандар жайлы түсірілген» - деген.

Омар бин Абдулазиз (рах.) бұл аятты қайта-қайта оқитын.

Хатам Тайдың ұлы, жомарттығымен аты шыққан Адий Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алдына келгенде Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Сен жер бетінде тәкаппарлық пен бұзақылық жасамайтыныңа куәлік етемін» - дейді. Сонда ол бірден мұсылман болады.

 

Пікірлер Кіру